«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Петровка ауылының «Айгөлек»бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны қызмет көрсету саласындағы 2021 жылғы қызметі туралы есеп
Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру - бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттырудың маңызды аспектісі.
Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік пен ашықтық;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру;
Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.
«Ақмола облысы білім басқарамасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Петровка ауылының «Айгөлек» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып табылады.
Мемлекеттік мекеме 3 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1.«Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою»
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны- электронды (ішінара автоматтындырылған/қағаз түрде/проактивті/ «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетіледі.
2021 жылы –12 қызмет көрсетілді, оның ішінде 12 - «akmola.kz» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілді.
2. «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау».
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны-электрондық. Қызмет көрсету тәсілдері: көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесімен «akmola.kz»
2021 жылы 12 қызмет көрсетілді, оның ішінді 12 - «akmola.kz» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілді, 0 қызмет мемлекеттік ұжым арқылы көрсетілді.
3. «Педагогтарға біліктілік санаттарын беру және растау рәсімінен өту үшін құжаттарды қабылдау».
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін негізде көрсетіледі
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны-электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрде
2021 жылы 0 -қызмет, оның ішінде 0 –Мемлекеттік корпорация арқылы түскен..
2021 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойыншы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.
Байланыс ақпараты:
Петровка ауылы 20 Жамбыл көшесі , «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Петровка ауылының «Айгөлек»бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны , телефон нөмірлері: 8 (71631) 2-64-11, электрондық мекенжайы:
ds-aigolek@mail.ru
Қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін жүзеге асырылады..
Меңгерушінің м.о Т.А Богачева
Мемлекеттік мекеменің қызметі туралы есепті жария талқылауды жүргізу қорытындылары туралы қорытынды
Ақмола облысы Білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Петровка ауылының "Айгөлек" бөбекжай-бақшасы " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында
2021 жылға қызмет көрсету
1. Жария талқылау өткізілетін күн: 2022 жылғы 1 наурыздан 30 наурызға дейін.
2. Жария талқылауды өткізу тәсілі: сайтта
Ақмола облысы Білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Петровка ауылының "Айгөлек" бөбекжай-бақшасы " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны http://ds0004.shortandy.aqmoedu.kz/content/gosudarstvennye-uslugi-754
3. Жария талқылау өткізу туралы хабарлау тәсілі: 2022 жылғы 8 сәуір ақпаратты сайтқа орналастыру
Ақмола облысы Білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Петровка ауылының "Айгөлек" бөбекжай-бақшасы " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны http://ds0004.shortandy.aqmoedu.kz/content/gosudarstvennye-uslugi-754
4. Жария талқылауға қатысушылардың ұсыныстары және (немесе) ескертулерінің тізбесі: өткізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша жария талқылауға қатысушылардан "Ақмола облысы Білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Петровка ауылының "Айгөлек" бөбекжай – бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына, сондай-ақ ресми интернет-ресурсқа ұсыныстар мен ескертпелер түскен жоқ.
№ п/п
Жеке тұлғаның Т. А. Ә, ұсыныстар және (немесе) ескертулер енгізген ұйымның атауы
Жария талқылау шеңберінде келіп түскен ұсыныстың және (немесе) ескертудің қысқаша мазмұны
Ұсынысты және (немесе) ескертуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәліметтер
Ұсыныстарды және (немесе) ескертулерді қабылдау немесе қабылдамау жөніндегі негіздемелер
Ескертпе
Меңгерушінің м. а. Богачева Т. А.